Алақандай ауылда «Жастар жылы» басталып кетті

0
2 802

Дін тазалығы – ел тұтастығының кепілі


Алақандай ауылда «Жастар жылы» басталып кетті

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Арыс қаласы Байырқұм ауылында «Жастар жылына» орай іс- шара өтті.

2019 жыл «Жастар жылына» орай, дәстүрлі дінімізді жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Арыс қаласы Байырқұм ауылындағы «Рысқұлұлы Аман» мешітінің ұйымдастырумен «Мұсылманның келбеті» тақырыбында ауыл жастарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында мешіт имамдары А.Зәуірбеков пен А.Керімбеков: «Қазіргі таңда азаматтардың оның ішінде жастардың дәстүрлі діннен адасып, өзге діннің жетегінде кетіп жатқандығы – қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені, ислам діні біреу болғанымен сан тарауға жіктеп алып, ел арасында іріткі салып жүргендер де қатарымыздан табылуда. Сондықтан, олардың ең басты көздегені – діни білімі аз, көзқарасы қалыптаспаған жастарымыздың санасын улау. Әрі қарай, өз қатарына тартып, түрлі арандатушылыққа итермелеу болып отыр», - деп жастарды өзгенің айтқанына ермеуді, сан ғасырлар бойы ұстанып келген ата-бабамыздың дәстүрлі дінімізбен жүруге, дін мәселесіне қатысты қандай да бір сұрақтар болса, тек мешіт имамдары мен арнайы дінтанушы теолог мамандарға жүгінуге шақырған.

Сондай-ақ, жиын соңында тақырыпқа байланысты сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, дін өкілдері тарапынан тұщымды жауаптар берілген.

Айта кетейік, бұл ақпарат Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметінде жарияланды.