​А.Мұхамедиұлы: Түркістанда 18 тарихи аймақ қайта қалпына келтіріледі

0
1 661

Түркістанда да жобаға сәйкес он сегіз аймақ қайта қалпына келтірілетін болады. Қазіргі таңда жұмыстар басталды


​А.Мұхамедиұлы: Түркістанда 18 тарихи аймақ қайта қалпына келтіріледі

ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде Түркістандағы тарихи аймақтар жайлы айтты, деп жазады BAQ.KZ

«Өткен жылы Түркістандағы Әзірет Сұлтан музей-қорығын ЮНЕСКО-ның бірегей ескерткіші ретінде қалпына келтіру жоспары бекітілді. Жоба ежелгі Рим империясының, Осман империясының тарихи қалалары секілді әлем ескерткіштернің тәжірибелеріне сүйене отырып жасалды. Бұл ескерткіштерге миллиондаған туристер барып, жыл сайын ел экономикасына қомақты қаржы әкелетіні белгілі. Түркістанда да жобаға сәйкес он сегіз аймақ қайта қалпына келтірілетін болады. Қазіргі таңда жұмыстар басталды», – деді министр

Министрдің айтуынша жоба аясында Құлтөбе қалашығы қайта қалпына келтіріледі. Ол кезінде Жібек Жолының үлкен орталығы болған.

«Әбілмәмбет ханның қыстағы, ХХV ғасырдағы шығыс моншасы, Есім хан кесенесінің контрукциясы жоспарланған. Қазіргі таңда Ясауи кесенесінің артқы жағында жол да жоқ. Келешекте көшпенді өмір салтын ұстану үшін этноауылдар салынады. Онда шеберлер орталығы, ұттық тағамдар көрмесі өтеді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер үшін жолдар төселіп, субұрқақтар мен саябақтар салынатын болады. Біздің мақсатымыз 2023 жылға дейін Түркістанға келушілер санын бес миллинға жеткізу», – деді ол.