Арыс қаласында фронт-офис ашылды

0
1 092


Арыс қаласында фронт-офис ашылды

фото: kz.otyrar.kz

Жоғарғы Соттың коммуникациялық стратегиясы негізінде халықтың нақты қажеттілігін қанаттандыру мақсатында Арыс аудандық сотының ғимаратында «Фронт-офистің» салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Арыс қалалық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданды. Ұлт жоспары бүгінгі таңда еліміздің уақыт талабына сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыруда оң ықпалын тигізіп келеді.

Бес сатылы сот жүйесін үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу тапсырылды. Бүгінгі таңда Сот жүйесінің жеті түйіні жобасы енгізіліп, онда дамудың жеті басым бағдарламасы қабылданды.

Осының аясында бүгін Жоғарғы Соттың коммуникациялық стратегиясы негізінде халықтың нақты қажеттілігін қанаттандыру мақсатында Арыс аудандық сотының ғимаратында «Фронт-офистің» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Фронт-офистің ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі М.Қадырбек:

Жуық арада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдың мерекесін бүкіл қазақ елі болып атап өткелі отырмыз. Осы айтулы мерекеге орай, ашылғалы отырған «Фронт-офистің» ел игілігіне қызмет көрсете берсін! - деп Арыс аудандық сотының қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасылық бақыт пен еңбекте табыстар тіледі.