Арыс қаласында «Мәңгілік ел» саябағы ашылды

0
3 213

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Арыс қаласында «Мәңгілік ел» саябағы мен «Құрметті азаматтар» аллеясы ашылды.


Арыс қаласында «Мәңгілік ел» саябағы ашылды

фото: facebook.com

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Арыс қаласында «Мәңгілік ел» саябағы мен «Құрметті азаматтар» аллеясы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

16 желтоқсан еліміздің Тәуелсіздік күні болғандықтан саябақ ортасына биіктігі 16 метр болатын «Мәңгілік ел» монументі орнатылған. Берілген мәліметтерге сүйенсек, айналасы жасыл желекке оранған демалыс орнының құрылысына 79 млн. теңге қаржы жұмсалыпты. Енді аудан халқының да таза ауамен тыныстап, демалатын орындары бар. Жаңа саябақтың ашылғанына ризашылығын білдірген халықтың көңіл-күйі көтеріңкі.

Жол жиегіне жайлы орындықтар мен әсем шамдар орнатылған. Ал «Құрметті азаматтар» аллеясы да қала тұрғындарының көз қуанышына айналды. 47 млн. теңге жұмсалған аллеяның кіреберіс қақпасынан бастап, аяқ жолдарына дейін жаңадан салынған. Мұнда ауданның дамуына өлшеусіз үлес қосқан Арыс қаласының құрметті азаматтарының есімдері тасқа қашап жазылған. «Олардың аты-жөндерін болашақ ұрпақ біліп, санасына сіңіріп өсуі тиіс», – дейді қала тұрғындары.