«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы: Түркістандық ауыл көркейіп жатыр

0
1 244

Жөндеу жұмыстарымен қатар, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қатар жүреді.


«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы: Түркістандық ауыл көркейіп жатыр

Түркістан облысы Келес ауданында биыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша ұзындығы 23 шақырым болатын 16 көше жөндеуден өтеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған бағдарлама аясында жаңа кейіпке енетін көшелердің 12-сі Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық округіне тиесілі. Осы орайда аудан басшысы Ақментай Есбаев Ақтөбе ауылдық округінде басталған жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Құрылысты жүргізіп жатқан «QazaqStroyZhol» ЖШС кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айында құрылысты бастап, тамыз айының соңына аяқтауды жоспарлаған. Қазіргі таңда құрылыс басында 60 жұмысшы, ауылдың Абай, Керемет, Жамбыл көшелеріндегі суағар орнын қазу, жарықшамдардың бағаналарын қою сонымен қатар, жолдың негіздемесін дайындау жұмыстарын бастап кетті.

Аудан әкімі Ақментай Есбаев құрылыс барысын бақылау барысында мердігер мекеме өкілдеріне бірқатар сын ескертпелер мен талаптарды айтты. Ең алдымен жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасы мен тиянақтылықпен істелуін, яғни істелген көшелерді тазалап, суағар мен жарықшам бағаналарының бір ретпен тегіс орналасуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ жұмысшылар мен техника санын көбейту қажет екенін де атап өтті.