Ауылды жерде көпқабатты үйлерді салудың қажеті жоқ – Ө.ШӨКЕЕВ

0
710

«Мен осы мәселені қашанғы қайталай берем?".


Ауылды жерде көпқабатты үйлерді салудың қажеті жоқ – Ө.ШӨКЕЕВ

Түркістан облысының әкімі Мақтаарал аданына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы жиында Мақтаарал ауданының экономикалық дамуын талқылап, аудан әкімі Бақыт Асановқа тапсырмалар жүктеген болатын. Бүгін сол жиында айтылған өзекті мәселелерді шешу әрі елдің пікірін тыңдау мақсатында өңір басшысы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барды.


Шалғай аудандар мен ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту мәселесі облыс әкімдігінің жоспарынан тыс қалған емес. Өмірзақ Естайұлы Атакенттегі дәрігерлік амбулаторияның жағдайымен танысып, денсаулық сақта саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарды тыңдады. Ескірген ғимараттың орнына жер бөлініп, құрылысы қолға алынатын болды.

Аудандағы өзекті мәселелермен танысқан облыс әкімі жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Кәріз жүйесін құруға қатысты жобалардың тым қымбатқа түсетінін айтқан облыс әкімі автономды модульді жүйені қарастыруды тапсырды. Инфрақұрылымы жоқ және оны жүргізу тым қиын жерге көпқабатты тұрғын үйлерді салуды тоқтату керектігін айтты.


«Мен осы мәселені қашанғы қайталай берем? Биік үйді тұрғызып, не жарық, не газ, кәріз жүйесін жеткізе алмай отырасыздар. Инфрақұрылымы қыруар қаржыны талап ететіні белгілі. Одан да жер беру керек. Тағы да қайталаймын, ауылды жерде көпқабатты үйлерді салудың қажеті жоқ. Екіншіден, басты мәселе – жұмыс орындарын ашу, тұрғындарды жұмыспен қамту. Осы индикатор арқылы кімнің қалай жұмыс істеп жатқаны аңғарылады. Сондықтан ауылдарды аралап, жұмыссыздар санын нақтылау қажет. Еш жерде тіркелмеген, бірақ жұмыс істеп, табыс тауып жүрген азаматтарды жұмыссыздар қатарынан шығару ісін де жүйелеген жөн», – деді облыс әкімі.