​«Аялы алақан» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды

0
3 539

Арыс қалалық мәдениет үйі мен аудандық сотының судьялары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Аялы алақан» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.


​«Аялы алақан» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды

фото: facebook.com

Арыс қалалық мәдениет үйі мен аудандық сотының судьялары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Аялы алақан» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Еліміздің беделді азаматтары ұйымдастырып отырған қайырымдылық шарасы Арыс қаласындағы №1 Т.Тәжібаев атындағы отбасылық үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап жасалып, арнайы сыйлықтар таратылды.

Сот төрағасы А.Ертаев балалар Қазақстанның болашағы екендігі, сондықтан оларды Отанды сүюге, үлкендерді құрметтеуге және төзімділік секілді құндылықтарға тәрбилеу қоғамның ортақ міндеті екендігін айтты. Өз кезегінде судья Г.Мекембай тәрбиеленушілерге ыстық ілтипатын білдірді. Судьялар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға отандық «Қажымұқан» атты анимациялық фильмді үлкен экранда тамашалауға мүмкіндік жасады. Кездесу соңында балалар үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шара үшін алғыстарын білдірді.

Аталмыш шара жыл сайын жалғасын тауып, балалар үйіндегі балаларды қуантады деген үміт бар. Қайырымдылық пен мейірімділікті бойына сіңіріп өскен жас та болашақта еліне адал қызмет ететін азамат боларына сенім мол.