Бақылау кезінде оқушылардың ешкім күзетіп тұрмаған сырттағы дәретханаға баратыны анықталған.
ERNUR.KZ. Түркістан полициясының экс-басшысы Данияр Мейірхан өзі мен дене шынықтыру пәні мұғалімінің арасында болған резонансты жағдайға қатысты пікір білдірді. Мұғалімге көрсеткен агрессивті әрекетін ол "агрессия" деп түсіндірді, деп жазады baq.kz.
Оның сөзінше, №15 мектептің педагогі ұсталған сәтте облыстық құқық қорғау департаменті басшысының тапсырмасын орындаған. Бақылау кезінде оқушылардың ешкім күзетіп тұрмаған сырттағы дәретханаға баратыны анықталған.
Ол бұл жағдайдың екінші күні де қайталанғанын атап өтті. Өзі де әке болғандықтан балаларға қатысты мәселелерді жүрегіне жақын қабылдайтынын да жазды.
Сол себепті онымен сөйлескен сәтте байсалды қалпымнан шығып, өзімді ұстай алмадым, - деп жазды офицер.
Ол өзінің іс әрекетін "агрессия" деп атады. Сонымен бірге, Данияр Мейірхан жағдайдың шешім тапқанын және мұғалім екеуі өзара кешірім сұрасқанын хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, кеше таңертең Мейірхан облыстық полиция басшысына жүгініп, егер қажет болса, өзін қызметінен босатуды сұраған. Қазір ұстау дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.