Бәйдібек ауданында «Өзіне өзі қызмет ету» бұрышы ашылды

0
2 528

Тәжірибемен бөлісу үшін ауыл әкімдері мен білім беру мекемелерінің басшылары мен информатика пәнінің оқытушылары мен ауыл тұрғындары қатысты.


Бәйдібек ауданында «Өзіне өзі қызмет ету» бұрышы ашылды

Мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландыру мақсатында, ағымдағы жылдың 18 қазанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.Тұрсынбаев Мыңбұлақ аулында орналасқан «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрыштамасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тәжірибемен бөлісу үшін ауыл әкімдері мен білім беру мекемелерінің басшылары мен информатика пәнінің оқытушылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шарада Ғ.Тұрсынбаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандырудың өзектілігін, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау қажеттілігін айтып, салалық кеңестер берді. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі туралы айтылды.

Бұған қоса, бұрыштама қабырғасында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен бір реттік жасырын сөз арқылы алынатын 44 мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттық-әдістемелік стендтер ілінген. Өзіне өзі қызмет алу үшін арнайы келген Мыңбұлақ ауылының тұрғыны бұл бұрыштаманың уақыт үнемдеуде пайдасы зор екендігін, қазіргі таңда аудан орталығына бармай ақ ауылдағы «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрыштамасына келіп тиісті құжаттарды алып жатқандығын айтты.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруда көмегін тигізіп жатқан мемлекеттік органдарға келушілер алғыстарын білдірді. Жиын соңында келушілерге арнайы ақпараттық жадынама таратылды.