​Бәйдібекте кәсіподақ жиыны өтті

0
2 254

Конференцияда кәсіподақ ұйымының бірнеше белсенді мүшелері осы ұйымға қосқан үлестері үшін “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” төсбелгісімен және құрмет грамотасымен марапатталды.


​Бәйдібекте кәсіподақ жиыны өтті

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында аудандық кәсіподақ комитетінің есептік-саулау конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің 2014-2018 жылдар аралығында атқарылған жұмыстары бойынша есептік – сайлауы конференциясында кәсіподақ комитетінің төрағасы мен кәсіподақ кеңесі құрамын қайта сайлау қойылды.

Конференцияда аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Сұңқар Мамырханқызы баяндама жасап, есебі тыңдалды. Аудандық кәсіподақ комитетінің атқарған жұмыстарына жиналған қауым бірауыздан оң бағасын берді.
Жиын барысында аудандық кәсіподақ ұйымының жаңа құрамы бекітіліп, көпшіліктің дауысымен аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Әмзеева Сұңқар Мамырханқызы сайланды.
Іс-шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Құлымбет Ақбала Аманбайқызы мен облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы сөз сөйлеп, кәсіподақ комитетінің алдағы уақытта атқаратын міндеттеріне тоқталды.
Конференцияда кәсіподақ ұйымының бірнеше белсенді мүшелері осы ұйымға қосқан үлестері үшін “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызмет­кер” төсбелгісімен және құрмет грамотасымен марапатталды.