Бәйдібекте "Кітап және отбасы" атты пікір сайыс өтті

0
3 904

Кітапты көп оқитын, кітап сүйер отбасылар байқаудың бірінші кезеңінде жанұя мүшелерін таныстырып, кітап туралы әңгімелесе, екінші кезеңде жанұясымен бірлесе оқитын шығармадан сахналық көрініс көрсетті.


Бәйдібекте

Фото: ашық дереккөзден алынды

Ауданымыздағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап және отбасы» тақырыбында кітап сүйер отбасылар арасында сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы таза, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, кітапты қадірлеу мақсатын көздеген сайысқа төрт отбасы қатысты. Кітапты көп оқитын, кітап сүйер отбасылар байқаудың бірінші кезеңінде жанұя мүшелерін таныстырып, кітап туралы әңгімелесе, екінші кезеңде жанұясымен бірлесе оқитын шығармадан сахналық көрініс көрсетті. Ал үшінші кезеңде көркем әдебиет бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Білімнің кілті – кітапта». Кітап оқыған сайын адамның білімі мен сөздік қоры артады. Рухани жан дүниесі байып, мәдениеті қалыптасады. Білімді адамның қашанда жолы ашық. Шақпақ ауылынан келген «Үлгілі әулет» отбасы, Жамбыл ауылынан қатысқан «Медетбековтер отбасы», Боралдай ауылынан сынға түскен «Жанболат» отбасы сайыс нәтижесінде «Алғыс хатпен» марапатталса, Бөген ауылынан қатысқан «Амановтар» отбасы Түркістан қаласында өтетін облыстық байқауа жолдама алды.