Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысындағы АӨК дамыту қарқынымен танысты

0
1 633

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары Сарыағаш ауданының аграрлық кәсіпорындарын: «КелесПласт» ЖШС полиэтиленді жабын өндіру цехы мен «Жабай ата» ЖШС жылыжай кешенін аралаудан басталды,-деп хабарлайды премьердің баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды.

Қазіргі таңда еліміздегі барлық жылыжайлардың 80% Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. 2017 жылы өңірде 201,7 га жаңа жылыжай пайдалануға берілді, оның ішінде Сарыағаш ауданында — 72 га. Бұған қоса, биыл жалпы ауданы 214 га болатын жаңа жылыжай кешендерін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сарыағаш ауданындағы кәсіпорындарды тексеру барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа Президенттің тапсырмаларын орындау аясында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

«КелесПласт» ЖШС директоры Н. Омаров өндіріс процесімен таныстырып, өнімдер сұрыпталымын — соңғы шыққан өңдеу технологияларының көмегімен пайдаланылған материалдардан жасалған жіптер мен полиэтиленді жабындарды көрсетті. Оның айтуынша, шикізат шаруашылық субъектілерінен сатып алынады, ал дайын өнімдер ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылады және ішкі нарық қажеттіліктерінің 100% қамтиды. Бұдан өзге, қалдықтар мен полиэтиленді қайта өңдеу ауданның экологиясына оң әсер етеді.