"Бибо" сағызы: Біз балаларды қуантпақ ниетте акция ұйымдастырдық (видео)

0
2 975

Осы бір апта ішінде біздің сағызды жақсы көретін балалар үшін тегін таратып, оларда қуантпақ ниетте болдық. Барлық дүкендерде, дүкен аймақтары мен саябақтарда осы науқан жүргізілді. Мақсатымыз – жас балаларды қуанту ғана болатын.


Бүгін ғана Шымкент қаласында №47 және №59 мектептері жанында белгісіз біреулердің балаларға «Бибо» маркалы сағызын тегін таратқаны жайында ақпарат тарап, оның мақсаты белгісіз әрі күдік тудырғандығы жайында ата-аналар да, әлеуметтік желіде де жарыса жазылған болатын. Осы орайда ERNUR.KZ тілшісі «Бибо» сағызын шығаратын «Нұртау» ЖШС-нің Шымкент қалалық бөлім басшысы Абай Мырзабаевпен тілдесті.

  • Бүгінгі таңда «Бибо» сағызының жарнамасы Ұлттық арнадан да беріліп жатыр. Енді түсіндіре кетейін, менің өзімнің көлігімде осы сағыздың жарнамасы жабыстырылып тұрады. Аталған жағдайға байланысты, мен қай жерге тоқтасам да жас балалар жарнаманы көрген соң «Ағай, «Бибо» бар ма?» деп сұрайды. Сонымен қатар, «Бибо» сағызының шығарылғанына бір жыл толуына орай біз акция ұйымдастырған болатынбыз. Осы бір апта ішінде біздің сағызды жақсы көретін балалар үшін тегін таратып, оларда қуантпақ ниетте болдық. Барлық дүкендерде, дүкен аймақтары мен саябақтарда осы науқан жүргізілді. Мақсатымыз – жас балаларды қуанту ғана болатын.

Бірақ, бүгінгі жағдайға байланысты, «сағыздан ондай шығып жатыр, мұндай шығып жатыр» деген сөзге жауап берейін. Бұл сағыздың сапасына мен тікелей жауап бере аламын. Бұл қазір қаланың, жалпы еліміздің дүкендерінде сатылып жатқан сағыз. Бұл өнімге осы уақытқа дейін ешқандай арыз-шағым келіп түспеген. Бірақ біз мектеп емес, дүкендер маңызда жасадық, - дейді ол.

«Тегін тарату акциясы бойынша әлеуметтік желі немесе қандайда бір БАҚ құралы арқылы хабарлаған ба едіңіздер?» деген сұрағымызға А.Мырзабаев бір апталық қана акция екенін және алдын ала құлағдар етпегендіктерін айтты.

«Қазір біз инстаграм арқылы үндеу жариялап жатырмыз. Ата-аналарға да дұрыс жеткізілуін қалаймын. Сағыз туралы жағымсыз ақпараттың барлығы нарықтағы бәсекелестер бар, басқа бар. Солар осы мүмкіндікті жеке мүддесіне пайдаланып жатыр деп ойлаймын. Егер шынында сағыздан бөтен заттар табылып жатса, мен ол үшін жауапкершілік арқалауға дайынмын», - деп баса айтты Абай Мырзабаев.

ERNUR.KZ