3 қыркүйек күні 23 жастағы жас ана Аяжан Төленді дүниеге үшем алып келген-тұғын. Бүгінде ол 6 баланың анасы атанып отыр.
Келес ауданына қарасты Бірлік ауылында үшем дүниеге алып келген Аяжан Төленді баспаналы болды, деп хабарлайды EERNUR.KZ сайтының Келес ауданындағы тілшісі.
Естеріңізге салар болсақ, 3 қыркүйек күні Түктібаевтар отбасында қуанышты күн болған еді. Дәл сол күні 23 жастағы жас ана Аяжан Төленді дүниеге үшем алып келген-тұғын. Бүгінде ол 6 баланың анасы атанып отыр.
Осы айтулы қуанышқа орай Келес аудан әкімі А.Есбаев жас отбасыға арнайы келіп, баспана кілтін табыстады. Әрі, көпбаласы отбасы мен нәрестелерге қажетті заттар сыйлады.