Бүгін Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, аудандық мәдениет сарайында «Елбасы жолы, Астана» фильмінің көрсетілімі өтті
Бүгін Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, аудандық мәдениет сарайында «Елбасы жолы, Астана» фильмінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдары мен жастар өкілдері «Елбасы жолы, Астана» фильмін тамашалады.
Бұл картина - "Елбасы жолы" киноэпопеясының бір бөлігі. "Елбасы жолы. Астана" фильмінде Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғаны жөнінде баяндалады. Кинокартинада 1994 жылғы шілде айында ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар көрсетіледі.
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын қалыптастыру, оның ішінде елордамыз Астананы салу жолындағы Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы бейнеленген фильмді қазығұрттықтар ризашылықпен қабылдады.
Еліміздің тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай өткізілген кинокартина көрсетілімі тәуелсіздік жолындағы тарихи-тағылымдық оқиғаларды көрсетті.