«Бірге - жарқын! Шымкент менің бақша қалам» атты бірыңғай ұранмен болды. Бір мезгілде 80 000 ағаш отырғызу жұмыстары «Самал 2» шатқалында өткізіліді. Бұл шараға жалпы 10 000-ға жуық адам қатысты. Ағаш отырғызуға қаламыздағы мектептер мен ЖОО, мекемелер белсенді ат салысты.БҰҰ-ның Даму бағдарламасының қолдауымен болып отыр.
«Бірге - жарқын! Шымкент менің бақша қалам» фестивалі наурыз айында Астана қаласынан бастау алған болатын. Сол фестивальдің эстафетасы Шымкент қаласына берілді. «Бірге жарқын!Шымкент менің бақша қалам» атты бірыңғай ұранмен өткен шарада бір мезгілде 80000 ағаш отырғызу жұмыстары «Самал 2» шатқалында өткізіліді,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл шараға жалпы 10 000-ға жуық адам қатысты. Ағаш отырғызуға қаламыздағы мектептер мен ЖОО, мекемелер белсенді ат салысты. Бұл шара БҰҰ-ның Даму бағдарламасының қолдауымен болып отыр.
ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласы әкімі Нұрлан Сауранбаев, қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының фандрайзинг бөлімінің директоры - Ермек Мажитов, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты даму және қалану департаментінің бағдарламасының үйлестірушісі Виктория Байгазина фестиваль қонақтары болды.
Фестивальға қатысушылармен бірлесе бірнеше ағаш отырғызған облыс әкімі бала – бақша тәрбиеленушілерімен бірге отырғызған ағаштарды суғарды.
Фестивальды шымкенттіктер Ақтөбеге жолданды. Ақтөбеде бұл шара 21 – сәуірде өтеді.
ERNUR.KZ