​"Гәпке" ақша сұраған: Түркістан облысында қызы өз анасының қолынан қаза тапты

0
3 449

Алдымен әйел анасына пышақ ала жүгірген.


​

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында "гәпке" ақша сұраған қызын өз анасы өлтіріп қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қанды оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласында 15 ақпан күні болған. Оқиғаны Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады.

66 жастағы анасы 41 жастағы қызының ажалына себепкер болды. 15 ақпан күні кешке болатын "гәптің" отырысына сұраған қызының қызық үшін ақша жаратқысы келген тілегін жаратпаған анасы ақша бермей қойған. Анасы мен қызы ақша үшін жанжалдасып, ашу үстінде 41 жастағы перзенті туған анасына асхана пышағымен бірнеше соққы жасаған. Егде жастағы әйел қолы мен аяғынан, кеудесінен жарақат алған. Алайда қызының қолынан пышақты жұлып алған анасы қайтарма соққы жасап үлгірген. Пышақталған қызы үйінен қашып кетіп, қаланың сырт аумағында алған дене жарақаттарынан есінен танып құлаған.

Қансыраған әйелді туыстары тауып алған. Көп қан жоғалтқан ол жантәсілім етіп үлгірген.

Тәртіп сақшылары өз қызының ажалына себепкер болған 66 жастағы әйелді жарақаттарын тіктіріп аудандық ауруханада жатқан жерінен қолға түсірген. Күдікті ҚР ҚК нің 99-шы бабымен айыпталып, Сарыағаш аудандық сотының санкциясымен тергеуге екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы Түркістан облысы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.