Қазақ-өзбек шекарасындағы 2 ауыл Түркістан облысына қосылды

0
853

ҚР Премьер-Министрінің ақпараттық порталында жарияланды.


Қазақ-өзбек шекарасындағы 2 ауыл Түркістан облысына қосылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Түркістан облысына екі ауыл қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақ-өзбек шекарасындағы екі ауыл Түркістан облысына қосылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ақпараттық порталында жарияланды.

"Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жерін Түркістан облысының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгертілсін. 2. Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Қаулыда.