«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан 50 000 теңге көлемінде толықтыру есептеледі – жалған ақпарат

0
732

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы тұтынушыларының назарына!


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан 50 000 теңге көлемінде толықтыру есептеледі – жалған ақпарат

Желіде «атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушының жеке шотына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан 50 000 теңге көлемінде толықтыру есептелетіні» туралы жалған ақпарат таратылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Желіде «атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушының жеке шотына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан 50 000 теңге көлемінде толықтыру есептелетіні» туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Ресми ақпаратқа сәйкес, газ тұтынушыларға 50 000 теңге есептеу туралы хабарлама ЖАЛҒАН болып саналады!


Мемлекет басшысының АӘК және ТК алушылар үшін төмендетілген бағаларды қолдануға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының тұтынушыларына тауарлық газды сатудың бөлшек сауда бағасы АӘК және ЖК алушылар үшін 20%-ға төмендетілді (тауарлық газды тұтыну көлеміне қарамастан). Бұл өз кезегінде жалпы халық үшін 1 000 текше метр газға 32 640,15 тг, ал АӘК және ТК алушылар үшін - небәрі 26 111,85 тг, яғни 6 528,3 тенгеге немесе 20% аз шығынды білдіреді.