Қазығұртта білім мазмұнын жаңартқан облыстық форум өтті

0
1 045

Білікті мұғалімдер құнды тәжірибелерімен бөлісті.


Қазығұртта білім мазмұнын жаңартқан облыстық форум өтті

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, жуырда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы «Комсомол» жалпы орта мектебінің базасында облыстық биология-химия пәні мұғалімдерінің форумы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Форум мақсаты – оқытудың әдiс-тәсiлдерi мен әртүрлi құралдарын қолданудың тиiмдiлiгiн арттыру, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша педагогикалық тәжірибелермен бөлісу болды. Форум «Биология-химия сабақтарында моделдеу мен жоба жұмысын орындау арқылы оқушының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында өтті.

Форумға Қазығұрт аудандық білім бөлімі әдіскерлерімен бірге басқа аудан мектептерінен 90-ға жуық мұғалім қатысты. Форум барысында STEM білім беру, жобалау әдісі, проблемалық оқыту, модельдеу әдісі, CLIL тәсілдері бойынша мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Биология және химия пәндері мұғалімдеріне ашық сабақтар берілді, кері байланыс жасалды. «Диалог алаңында» ғылыми жоба жұмыстары тыңдалды.