Маңызды жол келер жылы толығымен аяқталады.
Кентау қаласы мен Түркістан Халықаралық әуежайының аралығындағы жол 2022 жылы аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласы мен Түркістан Халықаралық әуежайының аралығына дейінгі айналма жолдың құрылысымен танысты. Маңызды жол келер жылы толығымен аяқталады. Ұзындығы 24 шақырымды құрайтын жолға тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Көптен күткен құрылыс жұмысы аяқталған соң, көлік қатынасы реттеліп, тұрғындардың елді мекендерге қатынасы жақсарады. Жолмен қатар құбыр орнату, көпірді қайта құру, инфрақұрылым бағытын ауыстыру секілді жұмыстар қатар жүріп жатыр.
Айта кетейік, Кентау қаласында Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру үшін қызмет сапасы мен транзит жылдамдығын аттыратын жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Облыс басшысы маңызды жолдың жан - жағына көшеттер отырғызып, абаттандыруды міндеттеді.