Мәдениет және ақпарат министрі Түркістанға келді

0
374

Ғалымдардан тұратын жұмысшы тобын құруды тапсырды.


Мәдениет және ақпарат министрі Түркістанға келді

Түркістанға Аида Балаева жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жұмыс сапарымен келді. Алдымен министр төрағалығымен тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша отырыс өтті. «Ұлы дала елі» музейінде өткен мәжіліске Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды және жауапты басшылар мен ғалымдар қатысты.


Жиында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысымен берілген Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арнап ауқымды, мазмұнды халықаралық симпозиум өткізу жайы қаралды. Содан соң Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау, мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.


Халықтың мәдениетін сақтауға еліміздің әр азаматы мүдделі. Шетелдік мамандардан кеңес алып қоймай, өздерін де реставрациялық жұмыстарға қатыстыру қажет деді министр өз сөзінде. Реставрация – деген тарихи түпнұсқасын қалдыра отырып қайта қалпына келтіру, жаңарту. Конференцияны жыл сайын өткізу шарт емес, оның нәтижесі қалай сол жағына мән беру керек. Ал негізі Ясауидің өзін ғана емес, хикметтерін, мұрасын насихаттау керек.


Ясауи кесенесінің буферлік аймағында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының 2-фазасы баяндалды. Жұмыстар алдын ала ЮНЕСКО-мен келісілуі қажет болатын, алайда бұл процедура жүргізілмеген. Ғалымдардан тұратын жұмысшы тобын құруды тапсырды.


Бүгінде көпшілік киелі жерлерді діни орын ғана деп санайды. Тек құран оқытып, ұлттық құндылықтармен таныспайды. Кесенедегі шырағдан, оның тарихы сияқты ақпаратты әрбір адам білу керек. Гид мәселесін реттеуді және танымдық дүниелерді күшейтуді, сонымен қатар қысқа бейнероликтер жасауды тапсырды.


2023 жылдың нәтижесі бойынша ғылыми ұйымдар (Су қауіпсізідіг институты, Ботаника және фитоинтродукция институты)кесененің айналысында отырғызылған жасыл газондар мен ағаштарды суарудың мөлшері жоғары екенін көрсеткен болатын. Жиын барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов осыған қатысты баяндама жасап, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Маңызды мәселеге ғылыми-зерттеу институттарының берген нәтижелерен қарап, барынша шаралар қабылданатынын атап өтті. Ал«Қазқайтажаңарту» мекемесінің бас директоры Алмас Әбдібаев кесенеде жүргізіліп жатқан және жоспарланған ғылыми-зерттеу, ғылыми-реставрациялау жұмыстарына тоқталды.


Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы болып табылатын Қылует жер асты мешіті де өзекті.Түрік әріптестер объектінің түркі халқына ортақтығын алға тартып, оны музейлендіру бойынша жобаларын ұсынған болатын. Музейлендіру ғылыми, салалық тұрғыдан негізделген жоба болады деп күтілуде. Осы орайда, түріктің «TIKA» компаниясы әзірлеген жоба бойынша Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ғалымдар жанындағы Ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ибраев пікір білдірді.


Музейлендіру бойынша объектіні басқарып отырған Ұлттық «Әзірет Сұлтан»музей-қорығының директоры Маулен Садықбеков өз кезегінде бірқатар ұсыныстар жолдады.


Жұмыс сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне соғып, сондағы реставрациялық жұмыстармен танысты. Бұдан соң Мониторинг орталығына соғып, жұмыс барысына баға берді. Содан соң «Сапар» орталығына барып, мән-жайды бақылады. Тиісті мамандарғажауапкершілікпен қарап, жоспарлы түрде жұмыс кестесін құруды тапсырды. Бірқатар міндеттер жүктеді.