​Мақтааралда тән саудасымен айналысатындардың ошағы анықталды

0
1 533

Бүгінде күйбең тіршіліктің қамымен бүгінде перзенттерінің қайда барып, бос уақыттарын қалай өткізіп жүргендігін қадағаламайтын ата-аналар бар екендігі белгілі болды.


​Мақтааралда тән саудасымен айналысатындардың ошағы анықталды

Түркістан облысындағы мырзакенттік мектеп мұғалімдері, ата-аналар комитеті төрағалары, «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері мен аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі инспекторларының қатысуымен алқалы жиын болып, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмысты болдырмау, оның алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданы аумағындағы ойын клубтары мен ойын автоматтарына, кафелер мен мейрамханаларға арнайы рейд жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгінде күйбең тіршіліктің қамымен бүгінде перзенттерінің қайда барып, бос уақыттарын қалай өткізіп жүргендігін қадағаламайтын ата-аналар бар екендігі белгілі болды. Бұған мақтаралдық полицейлер мен аудандық «Жастар ресурстары орталығының» жүргізген рейдтік шаралары барысында көз жеткізілді.

Бұл жолы Мырзакент кентінде жасалған рейдттік шара барысында 4 кәмелет жасқа толмаған мектеп оқушылары анықталып, олардың ата-аналарынан түсініктіме алынды. Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне сәйкес хаттама толтырылды.

Мұнан да басқа кентте тән саудасымен айналысып жүрген қыздардың ошағы анықталып, аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

«Қай заман, қай қоғам болмасын жастар мәселесі, жастардың тәрбиесі бірінші кезекте тұратыны мәлім. Оларды қылмыстан, құқықбұзушылықтан сақтандыру мақсатында атқарылар жұмыстардың жүйелі, жоспарлы ең бастысы жауапкершілікті болғаны дұрыс. Сонда ғана жұмыс өз нәтижесін беретіні анық», - дейді Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Сүндет Кенжебаев.

Аталған жағдайлардың себеп-салдарын саралау барысында орташа немесе нашар отбасылардан шыққан, үлкендер мен әке-шеше қадағалауынан тыс қалған жасөспірімдердің заң талаптарына бағына бермейтіні анықталып отыр.

Өткен жылдың басынан бері аптасына бірнеше рет жасалатын рейд барысында екінші, үшінші, тіпті, төртінші рет ұсталып, айыппұл төлеп жатқандар да бар көрінеді.