Мәжіліс депутаттары түркістандық кәсіпорындармен танысты

0
1 053

Кәсіпкерлер субсидиядағы қағазбастылықты азайту, кәсіпкерлікке қолдауды күшейту жөніндегі өтініштерін ортаға салды.


Мәжіліс депутаттары түркістандық кәсіпорындармен танысты

Мәжіліс депутаттары Ордабасы ауданына іссапармен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылы, 27 тамызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері – Дархан Мыңбай мен Құдайберген Ержан Түркістан облысы, Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барды.


Халық қалаулылары осы күні «Бөрте-Милка» сүт фермасы және «Green Technology Industries» ЖШС-нің ПЭТ-қалдықтарын өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Бір айта кетерлігі, қалдықтарды өңдейтін кәсіпорында шикізат тапшылығы бар. Пластик қалдықтарды бөлек тастатып, жинату жұмысы қолға алынуы тиіс.


Кәсіпорындардағы кездесулерде Түркістан өңірінің кәсіпкерлері ауыл шаруашылығына берілетін субсидиядағы қағазбастылықты азайту, кәсіпкерлікке қолдауды күшейту жөніндегі өтініштерін ортаға салды. Түркістан облысының аудан, қалаларына арналған іссапарларын түйіндеген қос депутат халықтың ұсыныстары мен талап-тілектері бойынша жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді.


Түркістан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 1956 тармақтан тұратын 1 облыстық, 3 қалалық, 13 аудандық Жол картасы бекітілген. Қазіргі таңда Жол картасын жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның жұмыс барысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысындағы филиалдары мен фракцияларының бақылауына алынған.