​Мерекеге орай Жетісай қаласының сала үздіктері марапатталды

0
1 956

Жетісай қаласындағы салтанатты шара жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.


​Мерекеге орай Жетісай қаласының сала үздіктері марапатталды

Бүкіл халықтық деңгейде тойланатын тұғыры берік Тәуелсіздік мерекесінің 27 жылдығын Түркістан облысы Жетісай қаласының жұртшылығы да өз деңгейінде атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Еліміз қазірде еңселі мемлекет құруды одан әрі өрістете түсуде. 2030-жылға арналған стратегиялық ел бағдарламасы бүгінде құр қиял емес, шынайы өмірмен, шындықпен өрілген басты іс бағдарламасы болды. Енді 2050-жылға арналған жаңа Стратегиялық іс-жоспар еліміміздің кемелденгенінің бірден-бір айғағы. Біздер бұдан жиырма жеті жыл бұрынғыдай күдікпен емес, айшықты арманмен еңбек етуге бел буып отырғанымыз шындық», - деген Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Елшібаев шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, істеріне табыс тіледі.

Сонымен қатар шаһар басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбегі сіңген бірқатар азаматтар мен өз салаларында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарды, ұрпақ тәрбиесінде, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты сақтауда өнеге болып жүрген ардагерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Атап айтқанда, Тұран ойпатындағы немесе Мәуреннахр өлкесінен, бүгінгі күн тілінде Мырзашөл төсінен орын тепкен, менің қалам деп мақтаныш етуге тұрарлық мәдениет пен ғылымның ортақ мекеніне айналған Жетісай қаласындағы салтанатты шара жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кеткен жөн, өткен ғасырдың екінші жартысында қала статусын алған Жетісай үшінші мың жылдықтың екінші он жылдығына үлкен жетістіктермен қадам басып келеді.

Қаладағы экономикалық салаларда ғана емес, саяси-қоғамдық өмірде де түбегейлі реформалар жүзеге асуда.