​Мешіт қауымы 90 баланы мектепке дайындады

0
2 461

018-2019 оқу жылына бюджет есебінен 155 оқушыға 2489000 теңге бөлініп, балалардың білім алуына қажетті мектеп формалары, мектепке қажетті құрал саймандары алынды.


​Мешіт қауымы 90 баланы мектепке дайындады

Республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында "Жүрегім мейірімге толы" атты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастырған іс-шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Самат Расул, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев, "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков, қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Садуов және жеке кәсіпкерлер қатысты.

2018-2019 оқу жылына бюджет есебінен 155 оқушыға 2489000 теңге бөлініп, балалардың білім алуына қажетті мектеп формалары, мектепке қажетті құрал саймандары алынды.
Сонымен қатар демеушілер есебінен 200 оқушыға мектеп формасы, спорт формасы, сумка және қажетті құралдар берілді.
Мәселен, кәсіпкер А.Қошқаров пен Г.Мамашарипова 30 балаға толығымен киім алып берсе, «Армантай» балабақшасының құрылтайшысы Е.Қарнақбаев 1 сыныпқа баратын 20 оқушыны киіндіріп түрлі сыйлықтар беріп қуантты.
Акция қалалық жастар орталығында жалғасын тапты. Мұнда қалалық орталық мешіт жамағаты «Уасиля» және «Зекет» қорымен бірігіп 90 балаға мектепке керекті киімдер мен қажетті заттар сыйлады.