Өзгертулер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары "Жетісай Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Асқарбайұлы Қарғабай Жетісай ауданындағы жұмыс сапарын жастармен кездесу өткізіп, қорытындылады. "Жетісай Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысымен танысты.
Бүгінгі қоғамның қолбайлау болып отырған өзекті мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау, жастардың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Түркістан Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Гүлзия Қарсыбай, Жетісай ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы істері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрлыбек Мутаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен белсенді жастары, қоғам белсенділері қатысты.
Кездесу барысында Мирас Асқарбайұлы елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен, заңнамалық актілермен таныстырып, жемқорлық белгілері болып табылатын жағдаяттарға тоқталды. Қызметтік бабын асыра пайдаланып, жеке бас пайдасының табысын арттыруға жасалған қылмыстардың салдарымен, заңда белгіленген жауапкершіліктермен таныстырды. Жетісайлық жастармен еркін форматта өткен жиын барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
«Тәуелсіз Отанымызды әлемдік ареналарда мойындатуда, беделін сақтап қалуда үлкен жауапкершілік жүгін арқалап жүрген тұлғалар Сіздер мен Біз. Сондықтан, бүгінгі қоғамды жегі құрттай жеп отырған дерт – сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресуіміз, жарқын болашағымызды бірге қалыптастыруымыз керек. Жемқорлықпен күрестің біз таңдаған тәсілі – жемқорлық жасағандарды жаппай қамау емес, қылмыстың себеп-салдарын анықтап, слдын алу жұмыстарын жүргізу», - деді өз сөзінде Мирас Асқарбайұлы.
Басқосу соңында Жетісай жастары заңдық кеңестерін беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген департамент басшысының орынбасарына алғысын білдірді.