Іс шараның негізгі мақсаты – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстырушы құрал ретінде азаматтық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
2018 жылғы 27 қарашасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Отырысқа жаңадан жасақталған облыстық, аудандық, қалалық арнайы мониторингтік топтың мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Іс шараның негізгі мақсаты – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстырушы құрал ретінде азаматтық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Жиында төрағалық еткен облыстық топтың төрағасы Ү.Жүсіпбаев жемқорлық еліміздің дамуына кедергі келтіретін негізгі тосқауылдардың бірі, ол мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кесел деп айтуға болатынын атап өтті.
- Баршамызға белгілі, еліміз егемендік алған күннен бастап, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының арқасында жемқорлықпен күрес мақсатты түрде жүргізіліп жатыр. Осы бастамаларды жүзеге асыруда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлі ерекше. Сондықтан да, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесіп алдағы уақытта атқаратын жұмыстарды жоспарлау мақсатында бүгінгі отырысымызды өткізіп отырмыз, - деді ол.
Отырыста Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев Елбасы әрбір Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу мәселелеріне ерекше назар бөлетінін атап өтті. Мәселен, 5 қазандағы Жолдауда да сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатыны жайлы айтылғандығын, осы орайда, жемқорлықпен күрес жүргізуде қоғам белсенділерінің орны ерекше екендігін айтып, бүгінгі өтіп жатқан іс-шараны осыған дәлел болып отырғанын жеткізді.
Жиында топ мүшелері өзара пікір алмасып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Соңынан келесі жылы атқарылатын жұмыстар жоспары бекітілді.