Облыс әкімі Сарығаштағы «Ақылбексай» су қоймасының жұмысымен танысты

0
1 303

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Сарыағаш ауданына барған жұмыс сапары барысында «Ақылбексай» су қоймасының жұмысымен танысты. Жалпы сыйымдылығы 25 млн. текше метрді құрайтын су қойма Қошқарата, Бірлік, Ошақты ауылдық округтерінің аумағында орналасқан


Облыс әкімі Сарығаштағы «Ақылбексай» су қоймасының жұмысымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Сарыағаш ауданына барған жұмыс сапары барысында «Ақылбексай» су қоймасының жұмысымен танысты. Жалпы сыйымдылығы 25 млн. текше метрді құрайтын су қойма Қошқарата, Бірлік, Ошақты ауылдық округтерінің аумағында орналасқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі егістік жерлерді ағын сумен тұрақты қамтасыз етіп, су тасқынының алдын алу мақсатында 1987 жылы құрылған бұл кешен 2014-2017 жылдары күрделі жөндеуден өтті.

Су қойманың жұмысымен танысқан өңір басшысы алдағы уақытта егіс алқаптарына қажетті суды жеткізіп отыруды тапсырды.

«Оңтүстік – аграрлы өңір. Әсіресе, Мақтаарал мен Сарығаш аудандарында бұл сала жақсы дамыған. Суқойма осы аймақтағы суармалы жерлерге суды уақытылы жіберіп отыру қажет. Сондай-ақ, «Қазсушар» мекемесімен бірлескен жұмысты жандандыру керек», - деді ОҚО әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

«Қазсушар» РМК облыстық филиалына қарасты «Ақылбексай» су қоймасы 520 гектар аумақты алып жатыр. Аталған кешен болашақта 2000 гектар аумаққа су жеткізіп отыратын болады.