ОҚО: Бәйдібектік оқушылар қап жинап жүр

0
3 437

​ERNUR.KZ. Бәйдібек ауданындағы білім ордаларында қап жиналып жатыр. Оқушылар үйлерінен екі-үш қаптан алып келіп, мектеп әкімшілігіне өткізіп жатыр, - деп хабарлады ERNUR.KZ-ке сенімді дереккөз.


ОҚО: Бәйдібектік оқушылар қап жинап жүр

ERNUR.KZ. Бәйдібек ауданындағы білім ордаларында қап жиналып жатыр. Оқушылар үйлерінен екі-үш қаптан алып келіп, мектеп әкімшілігіне өткізіп жатыр, - деп хабарлады ERNUR.KZ-ке сенімді дереккөз.

Бұл Бәйдібек ауданындағы Алғабас ауылдық округіне қарасты Қапшағай су қоймасының тасып кету қаупінің алдын алу қарекеті. Жыл сайын көктемгі күннің жылынуы мен жауын-жашын басталғанда аудандағы тұрғындар су қоймасының жан-жағын бекітуге кіріседі.

Аудан әкімдігінің рұқсатымен елді мекендердегі мектептер аудандық білім бөліміне қап өткізеді. Олар одан ары қарай төтенше жағдайлар бөліміне жеткізіледі. Құтқарушы жасақтар құм толтырылған қапшықтармен Қапшағайдың жағалауындағы бөгеттер күшейтіледі.

Аудандық ТЖБ басшысы Қанат Әуелбековтің айтуынша Шақпақ ауылындағы 7 үйді су шайып кету қаупінің алдын алу шаралары жүргізілген.

"Біз су тасқынының алын алуға әкімшілікке хат тастаймыз. Алдын ала КЧС-тан өтеді (ТЖ жөніндегі комиссия - ред.) Төтенше жағдай комиссиясының төрағасы - аудан әкімі. Ол кісімен ауыл әкімдеріне нақты тапсырма, мерзім беріледі. Ал, қап жинау деген... Мысалы, былтыр су тасқынында облыстың есебінен екі мың қап сатып алынған. Облыс берген...

...Енді қапты... мекемелердің өздеріне де тапсырма беріледі. Мысалы, су тасқыны бола қалған жағдайда мекеме аудан әкімшілігіне қарап отырмасын деген сияқты. Өздеріне тиесілі аумақтағы каналдарды, арықтарды тазаласын дегендей. Ол мекеме басшысының бастамасы болуы мүмкін. Оны біз білмейміз", - деді аудандық ТЖБ басшысы.

Ақпанның 13-інен 14-не жауған жауын салдарынан Арыстанды өзенінің деңгейі біршама көтеріліп, Жүзімдік ауылына баратын каналдың шлюзін бұзған. Алайда, дер кезінде жсалған шаралар нәтижесінде қызыл су елді мекенге жетпеген.

Бәйдібек аданындағы Қазата ауылы іргесіндегі Қапшағай су қоймасына 34 млн. текше метр су сыяды. Су қоймасы 1982 жылы салынған. 2013 жылы күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген. Десе де, қысы қатты, қары қалың болатын Бәйдібекте су тасу қаупі туындап, елді мекендерде сақтық шаралары алдын-ала жасалады.