ОҚО-да 17 жасар жігіт әкесін өлтіріп, өлексе өртейтін шұқырға тастап кеткен

0
1 408

ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған жігітті 7 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Орман Бағдаулет есімді Қазығұрт ауданының тумасы былтыр 19 қараша күні әкесінің көлігін рұхсатсыз айдап, соғып алған. Ұлының ісіне ашуланған әке баласын соққының астына алады. Оған төзбеген бала қолына түскен темірмен әкені бастан ұрған. Соңғысы оқиға орнында мерт болды. Істеген қылмысын жасырмақ болған жасөспірім мәйітті көлікке салып, елдімекен шетіндегі мал өлексесін өртейтін беккари шұқырына апарып тастаған. Полицейлер денені бір аптадан кейін тапты.

Үкім шығарарда ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жәнібек Сейітжаппаров қылмысты жеңілдететін жайттар ретінде сотталушының 18 жасқа толмағанын және істеген қылмысы үшін қатты өкінетінін ескерді.