ОҚО-да «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты сессия өтті

0
1 546

Шымкентте ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі кешен көрмесі өз жұмысын бастаған болатын. Көшпелі көрме жоба аясында Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты кәсіби сессия өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара мәдени мұраны сақтау, зерттеу және насихаттаудағы электрондық ресурстар мен технологияларды қолдану мәселелеріне арналды. Кәсіби сессия «Open Space» - ашық кеңістік технологиясы үлгісінде өтті. Сессияның мақсаты - мәдениет және білім беру саласындағы инновациялық даму мен ақпараттандыруда өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу. Сондай-ақ, музей, кітапхана, архив, білім беру және ғылыми мекемелердің қызметіне ақпараттық технологиялардың тигізетін әсері,материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудағы сандық технологиялардың рөлін айқындау.

Сессия жұмысы музей, кітапхана және архив салаларына арналды. Сондай-ақ, «Музей» автоматтандырылған жүйесі, Елбасының электрондық кітапханасы таныстырылды. Елбасының жеке архивінің ақпараттық-анықтамалық ресурстарын құрастыру мен қолданудың тәжірибесі және музейтанулық «Музей жинағы» жобасының жұмыстары баяндалды.

Сонымен қатар, сессияда кітапханалық қор жинағы бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізу, ақпаратты музейлік, ғылыми бағытта қолдану мүмкіндіктері талқыланды.