ОҚО-да есірткі сатып келген азамат қолға түсті

0
1 233

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан азаматты қамауға алды. Бұл туралы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ERNUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Басқарма қызметкерлерінің жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны заңсыз есірткі затын сақтап және сатумен айналысқан деген күдікпен ұсталды. Күдікті 1985 жылы дүниеге келген. Шымкенттік азаматтан айғақты зат ретінде 5 дана сіріңке қорапшасына салынған есірткі заты тәркіленіп алынды. Ал үйін тінту барысында қосымша 30 дана сіріңке қорапшасы және 2 дана полиэтилен пакетінде құрамында өсімдік есірткі заты бар айғақ тәркіленді. Анықтау барысында ол есірткі заты жарты келіден асатын кептірілген «марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайт негізінде ҚР Қылмыстық Кодексінің «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.