ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды

0
1 232

Оңтүстік Қазақстан облысында зорланды делінген жеті жасар баланың ісіне қатысты жоғары шенді шенеуніктер жұмыстан қуылды. Бұл туралы бүгін отырыс барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сарыағаш аудандық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бердалы Оразгелдиев қызметінен босатылды. ІІД басшысының бұйрығымен мектеп инспекторы Нариман Жұмабаев қызметінен босатылды. Облыс әкімінің орынбасарына қатаң ескерту жасалды. Сарыағаш ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. Облыстық білім бөлімінің басшысы Истай Сағындықовқа сөгіс жарияланды", - деп мәлімдеді облыс әкімі.

Мұның алдында зорланды делінген баланың Астанаға жіберілгені айтылған болатын.

Бүгін, 15 наурызда облыс әкімінің төрағалығымен Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы мектептерде болған жағдай бойынща отырыс өтіп жатыр. ОҚО әкімі барлық тексеріс жұмыстары аяқталған соң нәтижесін көрсететіндерін айтты. "Бұл процесте біраз қателік кетті. Қазір біз жұмыс тобын құрдық. БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерін осы іске араласуға шақырамыз", - деді Жансейіт Түймебаев.