ОҚО: Қазығұрт ауданындағы 4 елдімекенді табиғи газға қосу партия назарында

0
2 587

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе ауыл округінде аяқсыз қалған 4 елдімекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесін «Нұр Отан» партиясы өз бақылауына алды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО: Қазығұрт ауданындағы 4 елдімекенді табиғи газға қосу партия назарында

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе ауыл округінде аяқсыз қалған 4 елдімекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесін «Нұр Отан» партиясы өз бақылауына алды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Ауданға іс-сапармен барған «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасовтың айтуынша, партиялықтар бұл мәселені «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандарын зерттеу барысында анықтаған.

- Партияның облыстық филиалы төрағасы Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы бойынша жұмысшы топ құрылып, осы мәселені шешу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Кемшіліктер жойылып, халықтың сұранысы толық шешілуін назарда ұстап отырамыз, - дейді Нұрмахан Миятұлы.


Табиғи отынмен қамтамасыз ету мақсатында басталған құрылыстың тоқтап тұрғанына 4 жыл болған. Ел қазынасынан 1303,0 млн теңге жұмсалған құрылыс жұмыстарын мердігер «Спец Тех-1» ЖШС-ы жүргізген. Алайда жеткізуші орта қысымды газ құбырының 1,44 шақырым бөлігі жобада болмауына байланысты, табиғи газға қосуға мүмкіндік болмағандықтан, 2015 жылы жобалық сметалық құжат әзірленіп, 2016-2017 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізді.

Біз көмір, отын пайдаланудан шаршадық, бірнеше жылдан бері газды күтіп жүрміз. Шағымымызды айтып, «Нұр Отан» партиясына бардық. Партиялықтардың көмегімен, бұл мәселе шешімін табады, деп үміттенеміз, - дейді ауыл тұрғыны Балтагүл Мырзахметова.


Ал мердігер «Спец Тех-1» ЖШС-ы өзінің берген кепілдік мерзіміне байланысты ақауларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

- Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң 3 жыл көлемінде газ жүйелері пайдаланылмағандықтан газ құбырында ақаулар пайда болды. Барлық кемшіліктер мен ақауларды жойып, жұмысты сапалы және тез арада бітіруге тырысамыз, - дейді директор Әлібек Шыңғыс.

Жалпы Алтынтөбе ауыл округы бойынша 1272 тұрғын үйлер табиғи газға қосылатын болса, аудан бойынша табиғи газбен қамтылған елдімекен саны 39-ға жетіп, 61 пайызды құрайды.