ERNUR.KZ. Ордабасы ауданында 1 наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйі жанынан «Жас толқын» балалар театрының тұсауы кесілді. Шығармашылық ұжым өз жұмысын «Қазына іздеушілер» ертегісінің қойылымымен бастады.
ERNUR.KZ. Ордабасы ауданында 1 наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйі жанынан «Жас толқын» балалар театрының тұсауы кесілді. Шығармашылық ұжым өз жұмысын «Қазына іздеушілер» ертегісінің қойылымымен бастады. Қойылым режиссері – Перизат Баймаханова. Ертегі желісі үлкен аралда өтеді. Қойылым сомдаушылардың барлығы балалар театрына арнап жазылған өсиет хатты іздеуге шығады. Кенеттен іздеушілердің қайығы үлкен жартасқа соғылып, бірқатар қиындықтарға тап болады.
Театрдың ашылуына Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков арнайы қатысып, жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.
«Ашылып отырған балалар театрының ұжымы алдағы уақытта мектеп жасындағы оқушыларымызға тәрбиелік мәні мен мағынасы мол қойылымдармен қуантады деген сенімдемін. Мектеп оқушыларынан құралған театр актерлары сахнаның ең биік шыңынан көрініп, алар асулары биіктей берсін», - деді құттықтау сөзінде аудан басшысының орынбасары. Ал Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Құрманәлі Жылқыбай болса, жұмысын енді бастаған ұжым көрермен ықыласына бөленіп, танымал «Темірлан» театры секілді биіктен көрінетініне сенімін білдірді. Сондай-ақ, өз сөзінде бөлім басшысы театр қойылымдары алдағы уақытта тек аудандық мәдениет үйінде ғана емес, мектептерде де көрермен назарына ұсынылатынын жеткізді.