Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында су қорықшыларының талаптарына бағынбай, ұрып соққан балықшылар ұсталды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды.

Шардара аудандық ішкі істер басқармасына өндірістік кооператив мекемесінен қатынас хат келіп түскен. Онда Шардара су қоймасында заңсыз балық аулауға қарсы рейдтік іс-шара барысында заңсыз балық аулап жүрген қайықтарды ұстаған кезінде бір топ балықшы азаматтар су қорықшыларының талаптарына бағынбай, ұрып соққанын көрсеткен. Аталған хатқа сәйкес құқық қорғау қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде көршілес жатқан Сарыағаш ауданының төрт азаматы ұсталды. Олар 1990, 1994 және 1987 жылы дүниеге келген тұрғындар. Қазіргі таңда аталған жайт негізінде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.