ОҚО: "зорланды" деген баланы әжесімен поездан түсіріп, алып қалған ІІД түсінік берді

0
1 282

ERNUR.KZ. 13 наурыз күні Сарыағашта жоғары сынып оқушылары аяусыз зорлады деген 7 жасар бала мен оның әжесі қоғам белсенділерінің көмегін алу үшін Алматыға жолға шыққан сәтте құқық қорғау қызметкерлері пойыздан түсіріп алып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.​ Осыған орай облыстық ІІД мәлімдеме жасады.


ОҚО:

ERNUR.KZ. 13 наурыз күні Сарыағашта жоғары сынып оқушылары аяусыз зорлады деген 7 жасар бала мен оның әжесі қоғам белсенділерінің көмегін алу үшін Алматыға жолға шыққан сәтте құқық қорғау қызметкерлері пойыздан түсіріп алып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Осыған орай облыстық ІІД мәлімдеме жасады.

"14.03.2018 ж. ОҚО ІІД-не Отбасы,балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасынан жәбірленуші жас баланы жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәмелетке толмағандарды оңалту Орталығына орналастыру туралы өтінішхат келіп түсті.

Осыған байланысты, тергеу органы 14.03.2018ж. кәмелетке толмаған жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қаулы шығарды.

Осыны ескере отырып, ішкі істер органдары тарапынан баланың әжесімен Шымкент қ. Теміржол вокзалында сұқбат жүргізіліп, оған тергеуші қабылдаған мемлекет тарапынан кепілдендірілген қауіпсіздік пен қорғану құқығы туралы қаулының мәні түсіндірілді.

Осыдан кейін баланың әжесі мемлекет тарапынан кепілденріліген қорғану құқын пайдалануды ұйғарып полиция қызметкерлерімен бірге ОҚО ІІД-не келді» - делінген хабарламада.