Өмірзақ Шөкеев жайылымдық жер мәселесін реттеуді тапсырды

0
1 980

Қазіргі уақытта, малдың көбі қыстақ пен жайлаудан гөрі ауыл маңында жайылады.


Өмірзақ Шөкеев жайылымдық жер мәселесін реттеуді тапсырды

Түркістан облысының әкімі жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жетісай, Мақтарал, Келес аудандарының тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев олармен бірге бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Үш аудан азаматтары мен әкімдері бас қосқан жиында жайылым мәселесіне қатысты ойлар ортаға салынды. Қазіргі уа­қытта, малдың кө­­­­бі қыстақ пен жайлау­дан гөрі ауыл маңында жайылады. Сон­дық­­тан ол жерлердің та­би­ғи өнімділігі жыл са­йын төмендеп келеді. Мал басының артуы да жердің тарлық етуіне әкеліп соғуда. Оның үстіне көп жерлер жеке қолда. Мәселені ретке келтіру жұмыстары Түркістан облысында үш жылдан бері жүргізіліп келеді. Үш аудан азаматтарымен жүздескен облыс әкімі жергілікті билік пен жауапты тұлғаларға жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша “Сабыр” шаруа қожалығының атқарып жатқан жұмыс барысымен танысып, жұмысшылармен кездесті. Қырыққабат егіп, алғашқы өнім алуға дайындалып жүрген диқандар бұл тәсілдің тиімділігінің қыр - сырымен бөлісті. Бірінші өнімді жиып алған соң олар қарбыз егуге көшеді. Тиімділігін дәлелдеген тәсілге жүгінгендер, жылына 1 га жерден 8 млн теңгеге дейін пайда табады.