​«ОҢТҮСТІК» телеарнасы үздік дәрігерді анықтады

0
2 330

«Үздік дәрігер» байқауына өңірдің медицина мекемесінің 22 дәрігері қатысты.


​«ОҢТҮСТІК» телеарнасы үздік дәрігерді анықтады

«Қазақстан» РТРК» АҚ Оңтүстік филиалы мен Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Үздік дәрігер» байқауы өз мәресіне жетті. Екі аптаға созылған байқауда 62 636 айқын дауыспен Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Болатхан Сағымбеков үздік атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сағымбеков Болатхан Салыбекұлы - 1962 жылғы 5 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1979-1985 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында «Хирургия» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 1986 жылы Бөген аудандық ауруханада дәрігер-хирург болып бастаған.Бертін келе, сол мекемеде түрлі лауазымда жұмыс жасап, кейін бас дәрігер қызметіне тағайындалған. Облыстық клиникалық ауруханасының, Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасының, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының да бас дәрігері болған. 2015 жылдың сәуір айынан бастап облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері қызметін атқарып келеді. Бүгінде медицина ғылымдарының кандидаты.

Айта кетейік, «Үздік дәрігер» байқауына өңірдің медицина мекемесінің 22 дәрігері қатысты. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі байқауға қатысқан кандидаттар санынан едәуір көп. Екінші ерекшелігі сол дауыс беру уақыты екі аптаға созылды. Сол себепті болар, байқау басталған күннен-ақ әлеуметтік жері қолданушылары аса белсенділік танытты.

Дереккөз: shymkenttv.kz