ОҚО-да кен байыту өндірісі қайта жанданды

0
1 169

Бұл кәсіпорында жылына 60 мың тонна табиғи барий сульфатын алу көзделген. Сәуір айынан бастап іске қосылған зауытта қазір 3 ауысыммен 87 адам еңбек етеді.


ОҚО-да кен байыту өндірісі қайта жанданды

Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында кен байыту кешені қайта жанданады. Бір кездері бұл қала кен өндірумен аты әлемге танылған еді. Кейіннен тұралап қалған кәсіпорындарға отандық және шетелдік инвесторлар қаржы бөліп, түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. «Қаратау тәжі» саналатын өңірде баритті өңдеу жобасы басталды.

Бұл кәсіпорында жылына 60 мың тонна табиғи барий сульфатын алу көзделген. Сәуір айынан бастап іске қосылған зауытта қазір 3 ауысыммен 87 адам еңбек етеді. Ал елімізде барит өнімінің негізгі тұтынушылары мұнай газ саласындағы ұлттық компаниялар. Тоқтап тұрған өндіріс орнына қан жүгірткен серіктестік алда Өзбекстан, Түрікменстан және Ресейге өнім экспортауды жоспарлап отыр. «Қазір шетелдермен келіссөздер жүргізіліп жатыр», – дейді кәсіпорын басшылығы. Айта кетейік, Кентау қаласының экономикасына өткен жылы 6 жарым миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылса, биыл ол межені 8,3 миллиард теңгеге жеткізу көзделіп отыр.

Серік Жусанбаев, кәсіпорын директоры: - Қазақстан бойынша жылына 200-250 мың тонна барит өнімі керек. Біз жылына 60 мың тонна шығарамыз. Бұл жердің бариті сапалы. Кеңес үкіметінен бастап жұмыс істеген, осы жер таңдалған. Қазіргі таңда 4 мың тонна шығарып қойдық. Алыс-жақын мемлекеттермен, Қазақстанның кәсіпорындарымен келісімшартқа қол қойып, жұмыс істелініп жатыр.

дереккөз:24.kz