Ө.Шөкеев қатаң карантиндік шектеу іс-шараларын сақтауды ескертті

0
719

Індет барлық аумақта тіркелген.


Ө.Шөкеев қатаң карантиндік шектеу іс-шараларын сақтауды ескертті

Коронавирус Түркістан өңірінің барлық әкімшілік аумақтарында тіркелді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Түркістан өңірінің барлық әкімшілік аумақтарында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Облыс бойынша соңғы бір аптаның ішінде 360 адамның осы індетке шалдыққаны анықталған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен лездемелік мәжіліс отырысында мәлімденді.

Сондай-ақ, аталған жиын барысында облыс аумағында коронавирустық инфекциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтылды. Аймақ бойынша соңғы деректерге сәйкес, аталған індетпен тіркелгендер саны – 2000-нан асқан. Сонымен қатар, КВИ-дан қаза болғандар саны 33-ке жетіп, оның ішінде 24 жағдай негізгі COVID 19 коронавирусты инфекция және 9 жағдай COVID 19 коронавирустық инфекция ілеспе диагнозын құрайды.

Өмірзақ Естайұлы Түркістан облысының аумағында қатаң карантиндік шектеу іс-шаралары 5 шілдеден бастап 20 шілде аралығында енгізілгенін ескертті. Және оларды қатаң сақтауды нықтап тапсырды. Осыған орай, барлық аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары мен тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларына сәйкес жұмыс атқарулары қажет екенін ескертті.