Ө.ШӨКЕЕВ: «Түркістан облысының қайта құрылуы – Тәуелсіздіктің жемісі»

0
547

Тәуелсіздік жылдары 573 мектеп, 84 балабақша, 503 денсаулық сақтау, 55 мәдениет және 28 спорт нысандары пайдалануға берілген.


Ө.ШӨКЕЕВ: «Түркістан облысының қайта құрылуы – Тәуелсіздіктің жемісі»

Тәуелсіздік алғаннан кейін 30 жылда Түркістан өңірінде аса маңызды жобалар жүзеге асырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.


«Түркістан облысының қайта құрылып, Түркістанға облыс орталығы мәртебесінің берілуі – Тәуелсіздіктің жемісі. Елбасының қолдауының арқасында кеңестік кезеңде жүзеге аспай, арманға айналған жобалардың бірі - Сырдария өзенінен ұзындығы«Тәуелсіздік» көпірі салынды» - деді Өмірзақ Естайұлы.


Сондай-ақ, өңір басшысы облыс аумағында Тәуелсіздік жылдары 573 мектеп, 84 балабақша, 503 денсаулық сақтау, 55 мәдениет және 28 спорт нысандары пайдалануға берілгенін атап өтті.