​Отырар ауданы жас мамандармен толығады

0
1 813

Отырар ауданы жас мамандармен толығатын болды.


​Отырар ауданы жас мамандармен толығады

Түркістан облысы, Отырар ауданы жас мамандармен толығады деп хабарлайды ERNUR.KZ Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 пәтерлі 4 көпқабатты қызметтік үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Ғимарат ауданға шақырылған жас мамандарға арналған. 2017 жылы құрылысы басталған 2 тұрғын үй жоспар бойынша 2019 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Отырар ауданында жас мамандарға жасалар жағдай, көрсетілер көмек тек тұрғын үймен қамту ғана емес. Облыс көлемінде тұңғыш рет Отырар ауданында «Алтын қор» резерві құрылды. Білім бөлімінен жасақталған арнайы мамандар ауданда білім алған үздік оқушылардың жоғары оқу орындарындағы білімі мен үлгерімін қадағалап, сапалы кадр ретінде елге қызметін етуіне қолдау білдіруге жұмыс жасауда.

2018 жылы «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерінің саны артып, талапкерлер ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен облыста алғашқы орынға ие болды.