Түркістан облысы Отырар ауданында Тұңғыш Президент күніне орай Медиацияны дамыту орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып, бірыңғай қызмет көрсету орталығының ашылуымен жиылған көпшілікті құттықтады.
Жиында Шымкет қаласындағы медиацияны дамыту орталығының директоры Лаура Ақшегірова мен аудандық соттың төрағасы Әкімбек Жанасовтар лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ, орталықтың қызметін де жіті түсіндіріп өтті.
«Мамандардың айтуынша медиацияны қоғамда қалыптастыру маңызды істердің бірі болып табылады. Азаматтар дау-дамайдың оңай шешу жолдарын осы орталықтан таба алады. Ал еңбек, отбасылық, қаржылық дауларға душар болғандарға тәжірбиесі мен біліктілігі ұштасқан мамандар көмек қолын созады. Олардың қатарында заңгер мен психологтар бар. Орталықтың тағы бір тиімді тұсы өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға тегін қызмет көрсетеді», - деп көпшілікті ҚР Тұңғыш Президенті күнімен және орталықтың ашылуымен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.