​Парламент Мәжілісі депутаты Кентау тұрғындарымен кездесті

0
2 069

Жиында Елбасы жолдауындағы айқын басымдықтар жан-жақты түсіндірді.


​Парламент Мәжілісі депутаты Кентау тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Фахридин Қаратаев көшпелі жұмысы шеңберінде сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ондағы мақсат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау.

Фахридин Әбдінәбиұлы Кентау қаласынының Иассы, Жаңа Иқан ауыл округтерінің, Қарнақ ауылының тұрғындарымен және Кентау көпсалалы колледжінің ұстаздары мен студенттерімен кездесті.

Жиында Елбасы жолдауындағы айқын басымдықтар жан-жақты түсіндірді.

- Жолдау жүктеген міндеттер мен мақсаттардың ауқымы өте үлкен.Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс-жағдайын жақсарту, баспанаға қолжетімділікті қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы қордаланған мәселелерді шешу, тарифтерді шектеу және жолдарды жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік, ауылдар мен жастар жайына Жолдауда басым көңіл бөлінді, – деген халық қалаулысы, Ең бастысы – бұл бағыттардың барлығы да орындалатын, нақты және қажетті мақсаттар екендігін айтып өтті.

Фахридин Әбдінәбиұлы жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.