Президенттің Жолдауы түркістандық ауылдарда нәтиже көрсетіп жатыр

0
965

Азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өткен еді.


Президенттің Жолдауы түркістандық ауылдарда нәтиже көрсетіп жатыр

Ауыл тұрғындарының көтеріп жүрген бірден-бір мәселесі орталықтандырылған кәріздік жүйесін жаңарту болған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылы тұрғындарының көтеріп жүрген бірден-бір мәселесі ауылдың орталықтандырылған кәріздік жүйесін жаңарту болатын. Бүгінгі таңда елді мекен тұрғындарының өтініші назардан тыс қалмай, орталықтандырылған кәріздік жүйені жаңарту жұмыстары іске асырылып жатыр. Нақтырақ айтсақ, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдараламасы» шеңберінде тозығы жеткен кәріздік жүйесінің 4,3 шақырымы толығымен жаңартылып, құдықтары ауысуда. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 40 пайызға жуықтап отыр.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы бастама көтеріп, оның барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өткен еді. Осыған орай Түлкібас ауданында тұрғындар тарапынан көтерілген әр-бір мәселе назардан тыс қалмай, маңыздылығына қарай кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.