Р.Аюпов: Тұрмысы төмен отбасыларға планшет әперуді жоспарлап отырмыз

0
1 130

Kcell, Beeline операторлары арқылы SIM-карталар қоса беру жоспарланған.


Р.Аюпов: Тұрмысы төмен отбасыларға планшет әперуді жоспарлап отырмыз

фото: ашық дереккөзден

Түркістандық оқушылар жаңа оқу жылын қашықтықтан оқыту жүйесімен бастайды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы әкімінің онлайн қабылдауында тұрғындар тарапынан жаңа оқу жылына байланысты қойылған сауалдар да назарда болды. Қазір қалада 2020-2021 оқу жылын қашықтықтан оқыту бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жақында 1 қыркүйек. Біз жаңа оқу жылына дайын болуымыз керек. «ҚазақТелеком» және «Транстелекоммен» барынша трафикті көтеріп, бағасын түсіру бойынша сөйлесіп жатырмыз. Ал, жағдайы төмен отбасыларға планшеттер алып беруді жоспарлап отырмыз. Себебі, планшетті пайдалану оңайға түседі. Ол үшін де Kcell, Beeline операторлары арқылы SIM-карталар қоса беру жоспарланған. Қазірде мұғалімдер бейнематериалдар әзірлеп жатыр және жергілікті телеарнамен келісіссөз жүргізудеміз. Ата-аналар тарапынан балаларын мектепте оқыту бойынша да өтінімдер келіп түсуде. Алайда, білесіздер бұл өте қауіпті. Дегенмен, Министрлік шешімі бойынша әрекет ететін боламыз», - дейді Рашид Аюпов.

Айта кетейік, енді Түркістан қаласы әкімінің тұрғындарды қабылдауы эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлай жүргізілетін болады.