Референдум: Түркістан облысында қоғамдық көліктер тегін қатынауда

0
217


Референдум: Түркістан облысында қоғамдық көліктер тегін қатынауда

ERNUR.KZ. Түркістан облысында референдум күні таңғы 7:00-ден бастап барлық қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсетіп жатыр. Мәселен, облыс орталығында 194 қоғамдық көлік қала тұрғындарын тегін тасымалдауда. Жалпы облыста 945 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Кешкі сағат 20:00-ге дейін азаматтар дауыс бере алады.

Айта кетейік, бүгін елімізде АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Референдум жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2-қыркүйек күні Қазақстан халқына арналған Жолдауында мәлімдеген болатын.