230 миллион теңгеден астам мемлекет қаражатын заңсыз иемденіп алғаны үшін кінәлі деп тануды сұрады.
Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының бұрынғы басшысы елдегі төтенше жағдай кезінде 230 миллион теңгеден астам мемлекет қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. Ақпаратқа сүйенсек, прокурор пандемия кезінде 230 миллион теңгеден астам мемлекет қаражатын заңсыз иеленіп алған деп айыпталған Дамир Джунусовке белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолдануды сұраған.
Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы соттан Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасының бұрынғы басшысы Дамир Джунусовты елдегі төтенше жағдай кезінде 230 миллион теңгеден астам мемлекет қаражатын заңсыз иемденіп алғаны үшін кінәлі деп тануды да сұрапты.
Тиісінше, 10 тамызда Түркістан қалалық сотында тараптардың жарыссөздері өткен.
"Д.Джунусовтан басқа осы бап бойынша тағы екі айыпталушы бар — Динмухамед Жакипбеков пен Ербол Дайрашов. Біріншісіне де прокурор осындай жаза сұрады, ал Дайрашовқа белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады", - делінген құзіретті органның ресми жауабында.